«Мектеп асханасы» республикалық акциясы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі» Education Department of Kerbulak district
«Мектеп асханасы» республикалық акциясы бойынша атқарылған жұмыс туралы мәлімет
2019-2020 оқу жылы
27-қаңтар мен 27-ақпан аралығында мектебімізде «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өтті. Акция барсында мектебіміздегі асхананың перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуін, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын, мектеп асханасының санитарлық жағдайы, азық- түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствалық сараптамалық комиссия бақылау жұмыстарын жүргізді.
Комиссия төрағасы:
Мектеп директоры: Ш.Қ.Бозов
Комиссия мүшелері:
Директордың оқу жөніндегі орынбасары: Д.Л.Жантасова
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Г.М.Дарменбекова
Әлеуметтік педагог: Ж.Пәйзолла
Кәсіподақ төрайымы: С.С.Кузубаева
Ата- аналар комитеті: Г.Немеребаева
Мектеп асханасында «Астарыңыз дәмді болсын!» деген жазу ілінген. Оқушылардың тамақтану кестесі,асхананың жұмыс уақыты, ауыз су режимін сақтауы, қол жуатын орындарда тазалық сақталған. Ата- аналарлдың шағымдары мен ұсыныстары жазылатын журнал жүргізілген. Мектеп асханасынан 359 оқушы қоғамдық және ыстық тамақпен тамақтанады. Оның ішінде 85 оқушы тегін ыстық тамақпен тамақтанады, оның ішінде 57 оқушы жалпыға білім беру қорынан тамақтанса, 28 оқушы асхананы жалға алушы тарапынан тамақтанады. Ас мәзірі күнделікті мектеп директорымен бекітіліп, мектеп медбикесімен қадағаланып отырады. Мектеп асханасында 2 аспазшы 1 көмекші жұмыс жасайды. Мектеп асханасы санитарлық талаптарға сай, оқушылар және ата-аналардың көңілінен шығуда. «Мектеп асханасы» республикалық акциясы жалғасы табады.