"Жақсылық жаса!" ұранымен республикалық "Мектепке жол" акциясы басталды!
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі Ақешкі бастауыш мектебімен" Education Department of Kerbulak districtнде 2023-2024 оқу жылының 01 тамыз бен 31 қыркүйек аралығында «Жақсылық Жаса!» ұранымен республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілуде. Облыстық және аудандық бұйрықтар негізінде «Мектепке жол» акциясының жоспары жасалынып, комиссия мүшелері сайланып, мектепшілік бұйрық шығарылды. Акцияның басты мақсаты: Аз қамтылған, көпбалалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы оқушыларының әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке келмеуінің алдын алып, оқушыларға материялдық көмек көрсету. Акцияға қатысып, материялдық көмек қажет ететін білім алушыларға көмек көрсетуге демеушілер іздестірілуде!